Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 қыркүйек, 2024 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Су тапшылығы болмайды

Батыс елдерінде су тапшылығы сезілуде. Бірақ, онда жерасты суының мол қоры бар.

Су тапшылығы болмайды
Фото: ru.freepik.com

Сонымен қатар жұмыс кестесінің сақталмауына байланысты өткен жылы бөлінген 760 млн теңгенің 500 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылды.

 «Бұл – дұрыс жоспарламаудың салдары. Ақмола облысының әкіміне аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Мұндай жағдайларға жол бермеу мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс, Су ресурстары және ирригация министрліктері жобалардың іске асырылу барысын апта сайын бақылап, бұзушылықтар анықталған жағдайда маған тікелей баяндаулары қажет», — деді Премьер-Министр.

2023 жылдың басынан бері тек мемлекеттік органдардың өзіне тұрғындардан 43,5 мыңға жуық ресми өтініш келіп түскен. Көпшілігі әбден тозығы жеткен желілердің жиі істен шығатынына шағымданады. Мәселен, Ақмола облысында Нұра топтық су құбырының тозуына байланысты өткен жылы жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды. Болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін тозу деңгейі 70%-дан асып кеткен желілерді ауыстыру жобаларын басым тәртіппен әзірлеу қажет. Өңірлер жобалық-сметалық құжаттаманы уақытылы әзірлеу жұмыстарын жандандыруға тиіс. Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері осы бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет. Маңғыстау облысының әкіміне су тұщыту зауыттары мен қондырғыларды салу жобаларын жандандыру тапсырылды.

Қорытындылай келе, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың алдына қойылған маңызды міндет — жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру, бұл көрсеткішті ауылдарда 97,8%-ға, қалаларда 99,5%-ға дейін жеткізу. Ол үшін, өңір әкімдіктері жыл соңына дейін барлық объектілерді уақтылы тапсырып қана қоймай, келесі жылдың жобалары бойынша бекітілген жоспарлардың, құжаттаманың болуы мен қаржыландыруды қамтамасыз етуі керек.

Сонымен, сарапшылар мәлім еткендей, алдағы он жылда Қазақстанда су тапшылығы бола ма? Бұл сауалға жуырда ғана «Қазгидромет» басшысы Серік Саиров жауап берді. Ол ондай болжам жасауға әлі ерте екенін айтты.

«Батыс елдерінде су тапшылығы сезілуде. Бірақ, онда жерасты суының мол қоры бар. Ал, біз жерасты суының тек 1,5 пайызын ғана қолданып отырмыз. Сондықтан он жылда су тапшылығы болады деу – әзірге қисынсыз» деді ол.

Бұл жауап көпшілікті қуантқаны рас. Бірақ, тапшылық болмайды екен деп қаннен-қаперсіз қарап отыруға тағы болмайды. Қазірден тіршілік көзін үнемдеуді үйрене беру керек. Әйтпесе, жерасты суына күніміз түсе қалған жағдайда, оны тазартуға күшіміз жете қоя ма, жоқ па, міне, мәселе осында болып отыр ғой...