Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі қандай?

Бүгін Шымкент қаласында өткен «Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі ретінде цифрлық құралдар» атты республикалық семинар аясында цифрлық технологияларды ұлттық деңгейде енгізу мәселесін талқылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі қандай?

«Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазақстанда жаңа кезең басталды – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи есепке алу және басқару технологияларын кең көлемде енгізу. Жобаның мақсаты – есептіліктің нақтылығын арттыру, энергия тиімділігін қамтамасыз ету, есеп айырысудың ашықтығын күшейту және коммуналдық саладағы шығындарды азайту.

«Ұлттық жоба аясында есептегіш құралдар өндірушілері, ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары, байланыс операторлары, әкімдіктер және табиғи монополия субъектілері кірген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл нормативтік актілерге де, кәсіпорындардың өз деңгейінде де өзгерістер енгізуді қажет ететін кешенді жұмыс», – атап өтті өз баяндамасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.


Жоба аясындағы жұмыстардың негізгі бағыттары:

• Онлайн-деректерді беретін заманауи есептегіш құралдарын жаппай орнату. Құрылғылар халықаралық стандарттарға сай болады, радиомодульдермен жабдықталып, отандық кәсіпорындарда өндіріледі.

• Коммуналдық сала кәсіпорындарында – су арналарында, ЖЭО-ларда, ЭБК және жылу тасымалдау ұйымдарында өндірістік процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТПБАЖ) енгізу.

• «Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеу және іске қосу. Бұл жүйе ел бойынша мемлекеттік және жекеменшік деректер базасын біріктіріп, сапалы әрі сенімді ақпарат негізінде саясат қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату