Энергия қауіпсіздігі үшін
Сәтқалиевтің сөзінше, оңтүстікте станциялар шоғырлануы аймақтағы электр энергиясын тұрақты жеткізуге жол ашады. Сарапшылар да бұл қадам өңірдің қарқынды өсіп келе жатқан өнеркәсіптік және демографиялық сұранысын өтеуге бағытталғанын айтады.
Әлемдік әріптестермен келіссөз
Қазақстан қазір атом станциясын салу бойынша бірнеше мемлекет пен ірі компаниялармен келіссөздер жүргізуде. Солардың ішінде Қытайдың CNNC корпорациясы ықтимал серіктес ретінде қарастырылып отыр. Дегенмен нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
Бұған дейінгі нұсқалар
Айта кетейік, екінші АЭС Абай облысында салынуы мүмкін деген болжамдар да болған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өңірдегі мүмкіндіктерді ескере отырып, Курчатовтағы ғылыми қалашықтың даму жоспарын жасау қажеттігін айтқан еді.