Сарапшылардың мәліметінше, елдегі су қоймаларының 80 пайызы құрғап қалған. Алдағы екі айда қалыпты су беру мүмкін емес. Тек күзгі жаңбыр ғана жағдайды жақсартуы мүмкін.
Судың жетіспеушігі бүкіл ел бойынша сезіліп отыр. Өткен аптада Тегеран мен тағы 50-ден астам қалада су беру шектелді. Кейбір аудандарда тұрғындар тәулігіне 12-ден 48 сағатқа дейін сусыз қалды. Соның салдарынан мыңдаған адам елдің солтүстігіне – Каспий теңізі маңына көшіп кеткен. Бұл өңірде әзірге су тапшылығы жоқ.
Tehran Times басылымының жазуынша, ел президенті Масуд Пезешкиан бұл мәселені бұрыннан көтеріп келеді. Ол Тегерандағы экологиялық және инфрақұрылымдық ауыртпалықтарға байланысты елдің саяси-экономикалық орталығын басқа қалаға көшіруді ұсынған.
Bild басылымы су дағдарысына бірнеше себепті атайды: ұзаққа созылған құрғақшылық пен үкіметтің су инфрақұрылымына емес, Таяу Шығыстағы әскери ұйымдарды қаржыландыруға басымдық беруі.