«Өңірлерге іссапармен шыққанда, әрдайым құбыр суын ішем. Кейде “ең дәмді су қайда?” деп сұрайды. Оған нақты жауап бере алмаймын. Себебі әлі барлық өңірді аралап үлгермедім», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Дегенмен Нұржігітов ауызсу сапасына жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарда екенін де атап өтті.
Айта кетейік, биыл ақпанда Scholarly Community Encyclopedia сайтында жарияланған зерттеуде Қазақстандағы ішетін судың тек 1%-ы ғана санитарлық талаптарға сай келетіні айтылған. Бұған себеп — ескі құбыр жүйесі мен суды шамадан тыс хлорлау.