Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қанды қылмыс Қырғызстанды дүр сілкіндірді: өлім жазасы қайта оралады»

Қырғызстанда балаларды зорлау және әйелдерді зорлап өлтіру қылмысына қатысты өлім жазасы енгізілетіні хабарланды. Бұл туралы президент Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагозов Facebook парақшасында жариялады.

Қанды қылмыс Қырғызстанды дүр сілкіндірді: өлім жазасы қайта оралады»
Фото: dw.com

Президенттің айтуынша, әсіресе балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар жазасыз қалмауы тиіс.

Бұл шешімге 17 жастағы Айсулуу Мукачеваның зорланып, аяусыз өлтірілуі түрткі болған. Қылмысқа Бішкек қаласының 41 жастағы тұрғыны күдікті деп танылды. Тергеу барысында ол қызды ұрлап, қорлап, өлтіргенін мойындаған. Алдымен денесін Ыстықкөл маңына көміп, кейін қайта қазып алып, Боом шатқалына тастаған. Марқұмның туыстары күдіктінің бұрын да жыныстық қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылғанын, бірақ жазадан сытылып кеткенін айтады.

Айта кетейік, Қырғызстанда өлім жазасы бұған дейін болған. Алайда 2007 жылы бұл жаза алынып тасталып, орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілген еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату