Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Отбасы банкіне Ұлттық даму институты мәртебесі беріліп, қызметі ЕДБ жүйесінде сақталып қалады

Отбасы банк қарамағынан Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Отбасы банкіне Ұлттық даму институты мәртебесі беріліп, қызметі ЕДБ жүйесінде сақталып қалады
Фото: ulysmedia

Бүгін Мәжіліс пленарлық отырыс барысында, екінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) мақұлдады және оны Парламент Сенатына жолдады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Заң жобасы шеңберінде Отбасы банкіне("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын Ұлттық даму институты мәртебесі беріледі.

Осыған байланысты Отбасы банк қарамағынанТұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрған 646 мың адамнан құралған тізім Отбасы банкіне беріледі. 

Ағымдағы дерекқорға тіркелу тоқтатылады. Оның орнына Отбасы банк қарамағынан "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық деректер базасы құрылады, онда тұрғын үйі жоқ барлық азаматтар есепке тұра алады. Басты шарт – соңғы 5 жыл ішінде олардың меншігінде тұрғын үйінің болмауы.

Отбасы банк тоқсанына кемінде бір рет кезекте тұрғандарға түгендеу жұмыстарын жүргізеді және кезекке тұрушылар бойынша мәліметтерді жаңартып отырады. Кезекте тұрғандардың тізімдері Отбасы банкінің сайтында жарияланатын болады.

- Әрбір өтінім бойынша біз отбасының цифрлық портретін жасаймыз. Ол кірістер, мүлік және активтер туралы ақпаратты қамтиды. Бұл тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтың отбасылық және қаржылық жағдайының барлық аспектілерін ескеруге мүмкіндік береді. Азамат туралы толық ақпаратты біле тұра біз оның тұрғын үй мәселесін тиімдірек шеше аламыз. Ең бірінші кезекте ұзақ уақыт бойы тұрғын қазақстандықтар шаршы метрлермен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, отбасының табысын ескере отырып, біз оған ең қолайлы ипотекалық құралдарды ұсына аламыз. Бұл "2-10-20", "5-10-20", "Отау", "Наурыз", "Асыл мекен" бағдарламалары шеңберінде жеңілдетілген заем, жалдау ақысынсубсидиялау немесе жалға берілетін тұрғын үй болуы мүмкін, - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. 

Ұлттық даму институты бола отырып, Отбасы банк ҚР Ұлттық Банкі мен ҚНРДА-нің реттеуімен, екінші деңгейлі банктер жүйесінде, сондай-ақ ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесінде қалатынын атап өткен маңызды. Яғни, Отбасы банк өзінің негізгі жұмысын бұрынғы тәртіпте жалғастырады және қазақстандықтар жинақтардың тұрақтылығы мендепозиттердің сақталуына сенімді бола алады.

Ұлттық даму институты мәртебесінде Отбасы банк жүзеге асыратын функциялар:

1) Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасын жүргізу, мониторингілеу және өзектендіру;

2) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру:

- жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төленетін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;

- тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын беру.

Отбасы банк аталған мемлекеттік қолдау шараларын қазіргі уақыттың өзінде жүзеге асыруда.

Бұл ретте жергілікті әкімдіктер жалға берілетін тұрғын үй мен тұрғын үй сертификаттарын беруді, сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй салуды жалғастырады.

Сондай-ақ, олар мемлекеттік қолдау шараларын алу туралы, оның ішінде Отбасы банкінің филиалдары жоқ елдімекендерде тұратын азаматтар үшін ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсететін болады.

Жергілікті әкімдіктер кезекте тұрғандардың санына, оның ішінде отбасылық құрамы бойынша өз өңіріндегі тұрғын үйге қажеттілікті жоспарлау үшін баспанакезегіне мониторинг жүргізетін болады. Заң жобасы шеңберінде Отбасы банк пен әкімдіктер арасында өзара ынтымақтастық көзделген.