weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 18:12 / Жасмина Нурлан / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салу мәселесі көтеріледі

Қазақстанда энергетикалық сусындардың тұтынылуы артып, олардың адам денсаулығына әсері қоғам назарын аударды. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Үкіметке энергетиктер нарығын реттеуді күшейтіп, оларды өндіру мен сатуға толық тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салу мәселесі көтеріледі

ЖСДП фракциясының депутаты Мақсұт Насибулов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған ұсынысында энергетикалық сусындар айналымына бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Оның келтірген деректеріне сәйкес, Қазақстанда энергетиктердің сатылымы соңғы екі жылда 65 пайызға өсіп, 2025 жылы 355 миллион литрге жеткен.

Депутат сусындарды шамадан тыс тұтынудың денсаулыққа тигізетін ауыр зардаптарына да назар аударды. Мәселен, 2025 жылдың маусымында Павлодар қаласында күніне төрт құтыға дейін энергетик ішкен 20 жастағы азамат жүрек жеткіліксіздігіне байланысты жансақтау бөліміне түскен. Ал желтоқсан айында Алматыда тәулігіне 8–10 құты энергетикалық сусын тұтынған 34 жастағы науқасқа жүрек трансплантациясы жасалған.

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарынан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда депутат бұл шектеудің іс жүзінде қаншалықты орындалып жатқанын тексеру қажет деп есептейді.

Осыған орай ол Үкіметке энергетиктердің құрамын зерттеуді, олардың жарнамасын шектеуді және қолданыстағы сату талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар энергетикалық сусындарды өндіруге, импорттауға және сатуға толық тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер