Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Үй алғысы келетін жастарға қандай жеңілдік бар?

Қазақстанда некеге тұрғанына бес жылдан аспаған ерлі-зайыптыларға арналған арнайы ипотекалық бағдарлама іске қосылды. «Жас отбасы» деп аталатын бұл жоба арқылы жас жұбайлар баспананы жеңіл шартпен ала алады. Бағдарламаны «Отбасы банк» жүзеге асырады.

Үй алғысы келетін жастарға қандай жеңілдік бар?
Фото: gov.kz

Басты артықшылық – жылдық 5 пайыздық мөлшерлеме. Алғашқы үш жылда мөлшерлеме 6% болса, кейін ол 5%-ға, кей жағдайда 3,7%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың неке құрғанына 5 жылдан аспауы тиіс, ал жастарына шектеу жоқ. Несиеге пәтер сатып алуға, жер алып үй салуға немесе жөндеу жұмыстарына жұмсауға болады. Қарыз сомасы – 100 миллион теңгеге дейін.

Қатысу жолы:

  • Алдымен «Жас отбасы» атты арнайы депозит ашу қажет (бұрынғы салым есепке алынбайды).
  • Әйелі де, күйеуі де бөлек есепшот ашса болады, бірақ ипотека рәсімделерде екеуі біріктірілуі тиіс.
  • Кемінде бір жыл бойы ай сайын ақша жинап отыру керек.
  • Баспана құнының 50 пайызын өзіңіз жинауыңыз қажет.
  • Бірінші кезеңде қатысушыға аралық қарыз беріледі. Үш жылдан соң ол тұрғын үй несиесіне ауысады, осы кезде пайыз төмендейді.

Мысал: Егер үй 25 млн теңге тұрса, оның жартысы – 12,5 миллионын сіз жинайсыз, қалған соманы банк несие ретінде береді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату