Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар

Ипотекалық бағдарламаларға өзгеріс енгізіледі

"Отбасы банк" төрайымы Ләззат Ибрагимова "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысу шарттарына енгізілетін өзгерістер туралы мәлімдеді

Ипотекалық бағдарламаларға өзгеріс енгізіледі

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға жүргізілген талдау екі негізгі мәселені анықтаған. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бірінші мәселе – көптеген сатып алушылар жөндеу жұмыстары жүргізілген дайын тұрғын үйді сатып алуды жөн көреді, себебі жөндеу шығындары айтарлықтай көп болады. Осыған байланысты банк Құрылыс компаниялары қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізді. Енді порталда тұрғын үйлер дайын күйінде орналастырылады, ал сатып алушылар оны 10 пайыздық бастапқы жарна төлеп ала алады. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді", – деді "Отбасы банк" төрайымы.