"Былықты түзеймін десе, мүмкіндігі бар" Қ.Хамитов Головкин туралы ойын айтты

Хамитов боксшы Головкиннің жоғары лауазымға ұсынылуына байланысты пікір білдірді

Фото: tengrisport.kz

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкиннің Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті қызметіне ұсынылуына қатысты ойын айтты, деп жазады newsroom.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Бәрі қандай Головкинді көретінімізге байланысты. Егер аш әрі қаһарланып келіп, қазіргі былықтың бәрін түзеймін деп келсе, оның мүмкіндігі бар. 

Ал енді біздің көптеген шенеуніктер сияқты біреуге міндетті қолбаласы сияқты келсе, онда ештеңе өзгермейді! Бәрі оған байланысты, өйткені ол өзі бір кезде осы жүйеден щаршап, кәсіпқойға кетті емес пе?!

Ал маған қатысты айтсам, мен баяғыда-ақ спорт министрі болу керек едім. Әтпесе қараймын: ешкім бұл міндетті атқара алмай келеді", - дейді спортшы. 

Жүктелуде...