weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттен өте алмады

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы саналатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жоспарланған жекпе-жек алдындағы допинг-тексерістен өте алмады.

The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттен өте алмады

АҚШ-тың беделді The Ring басылымы таратқан мәліметке сәйкес, VADA жүргізген сынама нәтижелері боксшының ағзасынан өнімділікті арттыратын препараттың ізін анықтаған. Бұл жағдай алдағы сенбіге белгіленген Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін өтетін біріктірілген чемпиондық жекпе-жектің тағдырына елеулі қауіп төндіріп отыр.

Қазақстандық спортшы допинг сынамасын 12 қараша күні тапсырғаны белгілі.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы чемпиондық кездесу ресми түрде жарияланып, бокс жанкүйерлерінің үлкен қызығушылығын тудырған еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→