weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең ұлы 25 боксшысының қатарына енді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең үздік боксшылары рейтингінен орын алды. Барлығы 25 спортшы енген тізімде отандасымыз 11-орынға жайғасып, рингтің бірқатар танымал аңыздарын артта қалдырды.

Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең ұлы 25 боксшысының қатарына енді

Рейтингтің көш басында америкалық Флойд Мейвезер кіші тұр. Екінші орынға филиппиндік Мэнни Пакьяо жайғасса, үздік үштікті АҚШ өкілі Бернард Хопкинс түйіндеді.

Кәсіби мансабында Геннадий Головкин 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жеткен. Сол жеңістердің 37-сін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ ол екі рет жеңіліп, бір кездесу тең нәтижемен аяқталған.

Головкин орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, ұзақ жылдар бойы дивизиондағы ең үстем боксшылардың бірі мәртебесін сақтап қалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→