weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы VADA тесті айналасындағы жағдай мен жоспарланған чемпиондық жекпе-жектің тоқтатылуына алғаш рет түсініктеме берді. Олар бұл оқиғаның өздері үшін де күтпеген соққы болғанын айтып отыр. Бұған дейін боксшының допинг-тесттен өтпей қалғаны хабарланған болатын.

Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы VADA сараптамасындағы дауға байланысты ресми пікір білдірді. Олардың айтуынша, оқиға барлығына ауыр тиген және жекпе-жекке төрт ай бойы дайындалған команда үшін үлкен соққы болған.

Команда мәліметінше, олар соңғы 4 ай бойы басқа елде тұрып, дайындыққа ауқымды қаржы, күш және уақыт жұмсаған.

«Бұл қалай болғанын өзіміз де түсінбей отырмыз! Қаншама еңбек, тер төгілді. Төрт ай бойы өз елімізден тыс жүрміз. Үлкен шығындар бар. Бұл жаңалық біз үшін оңай тиген жоқ. Біз әрдайым таза спортты қолдайтын команда екенімізді айтып келеміз. Қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Біз қайта тест тапсыруға дайын екенімізді айттық. Сондай-ақ бұрын алынған сынаманың екінші нұсқасы тексеріліп жатыр. Зертханадағы жұмыс жалғасуда. Сарапшылардың қорытындысын күтіп отырмыз», – делінген боксшы командасының мәлімдемесінде.

Қазір VADA зертханасы екінші сынаманы тексеріп жатқандықтан, даудың нақты нәтижесі алдағы күндері белгілі болмақ. Команда жағдайдың әділ шешілуін және жекпе-жектің болашақта қайта белгіленуін күтуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→