weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алтын медаль! Төрехан Сабырхан финалда жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Алтын медаль! Төрехан Сабырхан финалда жеңіске жетті

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесті.

Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төрехан Сабырханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Сонымен қатар иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді.

Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл — Қазақстан құрамасының биылғы Азия ойындарындағы бокстан алған алғашқы алтыны.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан осы жеңісімен 2026 жылдың сәуірінде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Сол кезде де 70 келіге дейінгі салмақта Иордания боксшысы Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын. Нәтижесінде Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер