Орта салмақта WBA, IBF және WBC тұжырымдары бойынша ұзақ жылдар бойы чемпиондық белбеулерін қорғаған Головкин әлемдік рингте Қазақстанның атын асқақтатты.
IBHOF жыл сайын бокс спортына айрықша үлес қосқан, тарихта өшпес із қалдырған тұлғаларды марапаттайды. Биыл Головкин «аңыздар» санатына енгізіліп, бұл құрметке ие болған алғашқы қазақстандық болды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. Кәсіпқой мансабында 45 рет рингке шығып, 42 жекпе-жекте үстем түсті, оның 37-сін нокаутпен аяқтаған.