Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Sportroom

Тұңғыш алтын! Илья Мизерных жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды

Илья Мизерных жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды

Тұңғыш алтын! Илья Мизерных жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан командасы мүшесі Илья Мизерных тұғырдан секіруден Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты.

Екінші орында австриялық Никки Хамл, үшіншші сатыда польшалық Лукас Лукащук.

Бұл - Қазақстан тарихындағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш алтын медалі.

"Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!",- деді Ермек Маржықпаев. 

Айта кетейік, жерлестеріміз Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.