Дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әділет Алмат күміс медаль жеңіп алды. Ол финалда жапониялық Сотаро Фудзиварамен белдесіп, қарсыласына есе жіберді. Бұл - Қазақстан құрамасының дзюдодан Азия ойындарындағы үшінші күміс жүлдесі.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Есмигүл Куюлова қола медаль иеленді. Қазақстандық дзюдошы үшінші орын үшін өткен белдесуде Өзбекстан өкілі Маржона Нуруллоевадан басым түсті.
Ал 48 келіге дейінгі салмақта Жібек Құлымбетова қола жүлдеге қол жеткізді. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Хуивон Чонмен кездесті. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Жібек Құлымбетова жеңіске жетті.
Джиу-джитсудан да Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті. 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұржан Батырбеков финалға дейін төрт қарсыласын жеңді. Шешуші белдесуде ол Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Ахмед Азизге 0:2 есебімен жол берді.
Бұл- Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы джиу-джитсудан алған алғашқы медалі.