Луценко ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық шосселік веложарыста мәреге бірінші болып жетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 4 сағат 13 минут 11 секундта аяқтады.
Бұл — Луценконың 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін ол жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанып, Азия ойындарындағы бесінші алтын медалін иеленген еді.
Луценко бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста топ жарған. Сонымен қатар 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында топтық шосселік жарыста алтын медаль алған.
Осы жеңістен кейін Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды. Ол Қазақстан құрамасының ең көп алтын медаль жеңіп алған спортшыларының біріне айналды.