weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті

Қазақстандық ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті
Фото: Ашық деректер көзі

Ол 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Финалда қазақстандық спортшы Бахрейн өкілі Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, ММА биылғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Бүркіталин бұған дейін жарыстың ширек финалында Оңтүстік Корея өкілі Юн Тэёнды, ал жартылай финалда Филиппин спортшысы Карлос Альваресті жеңіп, финалға жолдама алған еді.

Еске салайық, Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын және екі қола медаль болған. Бүркіталиннің жеңісінен кейін ел қоржынындағы алтын медаль саны беске жетті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→