Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Азиадада Қазақстанның алтын жүлдесі көбейді

Қазақстандық ескекшілер Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠Азиадада Қазақстанның алтын жүлдесі көбейді
Фото: Ашық деректер көзі

Қазақстандық экипаж академиялық есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) жарысының финалында мәреге бірінші болып жетті. Олар басты қарсыластары Қытай құрамасын 2,09 секундқа басып озды. 

Осылайша, бұл Қазақстан құрамасының Азиада-2026-дағы сегізінші алтыны болды. Қазіргі таңда қоржында 8 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль бар. 

Айта кетейік, Яковлев пен Чернухиннің жеңісі Қазақстан үшін академиялық есуден Азия ойындарындағы тарихи алғашқы алтын медаль болды. 

Бүгін қазақстандық спортшылар Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге рульшісіз төрттік жарысының А финалында да бақ сынайды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→