Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Air Astana әуе компаниясы акцияларының 25%-ы еркін айналымға шығады

Air Astana әуе компаниясы акцияларының кем дегенде 25%-ы еркін айналымға шығады

Air Astana әуе компаниясы акцияларының 25%-ы еркін айналымға шығады
Фото: air astana компаниясы

Қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы алдағы уақытта ІРО-ға қатысып, акциясының бір бөлігін сатылымға шығаратынын растады,-деп хабарлайды newsroom.kz.

"Air Astana" ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында компанияның ІРО-ға қатысуының алғышарттары мен негізгі мәліметтер көпшілік назарына ұсынылды. 

Әуе компаниясының президенті Питер Фостердің сөзінше, "Air Astana" акциялары тек қазақстандық емес, шетелдік инвесторлар үшін де қолжетімді болады. Өйткені акциялар сатылымы KASE, Астана халықаралық биржасы мен Лондон биржасы арқылы жүзеге асады. 

Air Astana IPO-ға шығарылғаннан кейін де акцияларының бақылау пакеті «Самұрық-Қазына» қорының еншісінде қалады. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Дастан Әдиходжаев қордың 5-10% үлесі ғана шығатынын айтқан.
«Эйр Астана» IPO-ға шығады деп жүргелі біраз жыл болды. 2020 жылы қор нарығына шығуға тиіс еді, кейін 2 жылға шегеріліп, сосын IPO 2023 жылы өтеді делінді. Биыл елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі 2024 жылы аяқтауды тапсырды.