Жылыту алдымен әлеуметтік нысандарға — балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханаларға беріледі. Одан кейін жылу тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен қосылады.
«Астана-Теплотранзит» компаниясының мәліметінше, жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сондай-ақ қажетті жөндеу және жаңғырту жұмыстары аяқталған.
Бұған дейін Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Астана және тағы төрт өңірде жылыту маусымы осы аптаның соңына дейін басталатынын айтқан.