Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 16:33 / Admin / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әйелдің өлімінен кейін Астанада төрт полицей жұмыстан қуылды

Астанада 30 жастағы әйелдің өліміне қатысты жүргізілген қызметтік тексерістен кейін төрт полиция қызметкері жұмыстан шығарылып, тағы бірнеше басшы қызметінен босатылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Әйелдің өлімінен кейін Астанада төрт полицей жұмыстан қуылды
Фото: Ашық деректер көзі

Қайғылы оқиға 23 қыркүйекте болған. Полицияның ресми мәліметінше, әйелге пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Оқиғадан кейін Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеру жүргізген.

Тексеру қорытындысы бойынша төрт полиция қызметкері жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ екі аудандық полиция басқармасының басшылары мен олардың орынбасарлары қызметінен босатылған. Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары да қызметінен алынған.

Ал полиция департаментінің бастығына және тағы бір орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған.

Қызметтік міндеттерге салғырт қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның аясында жұмыстан шығарылған төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталғаны хабарланды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде күдіктінің құқық қорғау органдарының қазіргі қызметкері екені туралы ақпарат тараған. Астана полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарған.

Қазіргі таңда әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсін сот анықтайды.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер