2023 жылғы қаңтар–қараша айларында қазақстандық және шетелдік төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған төлемдер 128 трлн теңгеге жетіпті,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл 2022 жылдың қаңтар-қарашадағы көрсеткішімен салыстырғанда 44,3% артық. 2022 жылдың толық кезеңімен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 24,5% артық.
Жалпы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі бір жылда 81,8%-дан 86,1%-ға дейін өскен екен.
2020 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер карта айналымының үштен екісін құраса, 2019 жылы — жартысынан аз болған.
Былтырғы 2023 жылдың қаңтар–қарашасындағы барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 83%-ы интернет пен ұялы телефондар арқылы жүргізілген көрінеді. Нақтырақ айтқанда, 106,2 трлн теңге. Бұл алдыңғы 2022 жылдан 40,8% көп.
Картадан кейінгі орынды POS-терминалдар арқылы жасалған төлемдер алады екен.
Дәлірек айтсақ, 14,2 трлн теңге осы терминалдар арқылы жасалған. Бірақ, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,9% аз.
Тағы 7,4 трлн теңге QR төлемдеріне тиесілі. Ал, 87,9 млрд теңге басқа құрылғылардан түскен.
Өңірлер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің жартысы тек Алматы қаласында (64,1 трлн теңге) болды. Одан кейінгі орында Астана (13,4 трлн теңге) мен Шымкент (8,1 трлн теңге).
Қалған өңірлер барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің үштен бірін ғана құрады.
Биыл жеке кәсіпкерлерге әсер еткен жалпы декларацияға байланысты қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің өсу қарқынының баяулауы мүмкін.
Түрлі қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, түрлі сатушылар мен такси жүргізушілері тауарлары мен қызметтер үшін қолма-қол ақша талап ете бастаған.
Ескерте кетейік, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оларға ірі көлемде айыппұл салынады.