iPhone 17
Базалық нұсқа 6,3 дюймдік дисплеймен (1–120 Гц жаңарту жиілігі, 3000 нит жарықтылығы) шықты. Жаңа Apple A19 процессоры алдыңғыдан 20% жылдам. Екі 48 МП камерасы бар. 5 түрлі түсте қолжетімді.
iPhone 17 Pro
Жаңартылған алюминий корпусы, сыйымдылығы артқан батареясы және булы салқындату жүйесі бар. A19 Pro чипінде жұмыс істейді. Үш 48 МП камерасы бар, 40 есе цифрлық үлкейту мүмкіндігімен.
iPhone Air
Apple тарихындағы ең жіңішке смартфон – қалыңдығы небәрі 5,6 мм. Титаннан жасалған, Super Retina XDR дисплеймен, Ceramic Shield 2 қорғанысымен шықты. A19 Pro процессорымен жабдықталған. Тек eSIM қолдайды, физикалық SIM-карта салуға болмайды.
Apple Watch Series 11 – сызатқа төзімдірек, қан қысымын өлшейді, ұйқыны кеңейтілген режимде бақылайды, 24 сағатқа дейін автономды жұмыс істейді.
Apple Watch SE 3 – жаңа S10 чипімен, Always-On Display және 5G қолдауымен шықты. Батареясы 2 күнге жетеді.
Apple Watch Ultra 3 – бұрынғы дизайнын сақтаған, бірақ жиегі жіңішкерген, экраны жарығырақ, АҚШ-та спутник байланысын қолдайды. Титанды корпус, 42 сағаттық автономдық жұмыс.
AirPods Pro 3
Жаңа құлаққаптар ықшамдала түсті, шуды басу екі есе тиімді. Нақты уақыттағы аударма функциясы қосылған. Жинақта 5 түрлі құлаққапша бар, сонымен бірге пульс өлшейтін датчик орнатылған.
Бағалар:
iPhone 17 – 799 доллар (шамамен 428 464 ₸)
iPhone 17 Air – 999 доллар (536 464 ₸), қалыңдығы небәрі 5,6 мм
iPhone 17 Pro – 1099 доллар (589 064 ₸)
iPhone 17 Pro Max – 1199 доллар (641 664 ₸)
Жалпы, iPhone 17 сериясының бағасы 433 мың теңгеден басталып, 918 мың теңгеге дейін барады. Бірақ Қазақстанға алыпсатарлармен келгенде құны 1,5 млн теңгеден асуы мүмкін.
Ресми сатылым қыркүйек айының соңында басталады.