Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бас жоспарды түзету: Алматыда қала құрылысының жаңа бағыттары талқыланды

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мегаполистің Бас жоспарын түзету және ауқымды құрылыс бастамаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бас жоспарды түзету: Алматыда қала құрылысының жаңа бағыттары талқыланды

Басқосуда полиорталықтардың дамуына ерекше мән берілді. Атап айтқанда, «Батыс қақпа» мен «Шығыс қақпа» жоспарлары қала өркендеуінің жаңа тірегіне айналмақ. Бұл жобалар жаңа тұрғын үйлер мен іскерлік орталықтарды қалыптастырып, орталыққа түсетін салмақты азайтады. Сонымен қатар, заманауи қоғамдық кеңістіктер, жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылым пайда болады. 

Дархан Сатыбалды құрылыс сапасын қатаң бақылау қажеттігін баса айтты.

«Алматының Бас жоспарын түзету мәселесі қазір күн тәртібінде тұр. Бұл өз кезегінде егжей-тегжейлі жоспарларды қайта қарауды және оларды құрылыс барысында бұлжытпай сақтауды талап етеді. Қала тұрғындарының тұрмысын нашарлататын шамадан тыс тығыз құрылыстан сақ болған жөн. Әрбір жоба салалық басқармалардың сүзгісінен өтіп, мұқият тексерілуге тиіс. Белгілі бір ескертулер анықталса, олар нысан пайдалануға берілмей тұрып тез арада түзетілуі қажет», – деді қала әкімі.

Айта кетелік, әкім жасыл аймақтарды қорғау мен мектептердің, әлеуметтік нысандардың жаяу қашықтықта орналасуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты назарда қала мен тұрғындардың мүддесі тұруы керек, ал жеке құрылыс компанияларының пайдасы екінші орында болуы қажет.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату