Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі - Мақпал Жүнісова бүгін, 11 қаңтарда, 60 жасқа толғанын хабарлаған едік.
Әншіні жақындары мен достары құттықтады. Сондай-ақ президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевта құттықтап арнайы алғыс хатын жіберді. Әнші әлеуметтік желісіне алғыс хатты жүктеп халықтың ықыласына бөленуде.
"Алпыс жастың бірінші күні жақсы басталды. Аллаға мың шүкірлер, Елбасының құттықтауын Арман Қырықбаев пен Ақзер сіңілім табыстап , қуанып кетіп барамын. Елбасының қыздың жасын елегеніне мың рақмет", - деп жазды әнші.
Мақпал Жүнісова белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың жұбайы. Заманбек Қалабайұлы 2005 жылы өз үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан болатын. Күйеуінің қазасынан кейін әнші бірнеше жыл сахнаға шыға алмай, қыспаққа ұшырады.