Мақпал Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақаттың тойының бейнежазбасын жариялады

Жұлдызды жұптың дүбірлі тойы осыдан 25 жыл бұрын болған

Фото: Видеодан кадр Instagram/ zhunusova.makpal

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың үйлену тойының үзіндісін әлеуметтік желіге жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жұлдызды жұптың дүбірлі тойы осыдан 25 жыл бұрын болған. 

Айта кетелік, талант иесі жариялаған бейнежазбаға көпшілік сүйсініп, пікір қалдырды.    

“Алтын тойға жеткізсін бақыт, байлық тоқшылық қуаныш болсын”,  “Сол қалпында әдемі ақжарқын”, "Мақпал сіңлім, 25 жыл өтсе де, сол қалпы, еш өзгеріс жоқ, жап жас сұлу Мақпал”, “ Мақпал түк өзгермеген екен ғой содан бері”, “ Басынан орамал тастамаған нағыз қазақ анасы Мақпал ана жүз жасаңыз”, “ "Орамал тағуыңыз ерекше әдемі және керемет жарасымды”- деп жазды қалың жұрт. 

Еске салайық, жұлдызды жұп 1999 жылы отбасы құрған. Олар осымен алтыншы сәбиін сүйіп отыр. Төрт ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. 2017 жылы Қыдырәлі мен Қарақаттыңбесінші баласы дүниеге келген болатын.

Жүктелуде...