weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 желтоқсан, 2025 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ол бай әнші болатын еді»: Белгілі композитор Мақпал Жүнісова жайлы

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі әнші Мақпал Жүнісова жайлы ойын білдіріп, оның өнердегі орнын жеке өмірімен байланыстыруға болмайтынын айтты.

«Ол бай әнші болатын еді»: Белгілі композитор Мақпал Жүнісова жайлы

Композитордың айтуынша, Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шықпаған күннің өзінде де Халық әртісі атанып, Мемлекеттік сыйлыққа лайық болар еді. Өйткені ол – табиғатынан әнші болып жаратылған, дауысы мен болмысы бөлек, дара өнер иесі. Қалдыбек Құрманәлі кейбір пікірлерде айтылатын «Мемлекеттік сыйлықты күйеуінің арқасында алды» деген тұжырыммен келіспейтінін атап өтті.

Бұл пікірге әншінің өзі де әлеуметтік желіде жауап қатты. Мақпал Жүнісованың жазуынша, Халық әртісі атағы берілген сәтте жұбайы аса қуана қоймаған. Алайда уақыт өте келе оның әншілігін шынайы мойындап, жоғары баға бергені жүрегіне ерекше қуаныш сыйлағанын жеткізді. Әнші негізсіз сөздерге жауап беруге ниеті жоқ екенін де атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→