weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға қолындағы гаухар тасты білезігін сыйлады

Елдің анасы деп осындай кісілерді айтады

Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға қолындағы гаухар тасты білезігін сыйлады
Фото: instagram/zhunusova.makpal

Қазақстанның Халық әртісі, күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенова өнердегі әріптесі Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін сыйлап, ақ тілегін білдірді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Әнші бұл сәттің бейнежазбасын Instagram желісінде көпшілікпен бөлісті. Бейнежазбада өнер иесі Бибігүл Төлегенова  гаухар тасты білезікті сыйға тартқанын айтып,алғысын жаудырды. 

"Қолындағы гауһар тасы бар білезігін маған сыйлыққа беріп жатыр. Елдің анасы деп осындай кісілерді айтады. Көп рақмет", - деді Жүнісова.
Бибігүл Төлегенова өнердегі әріптесіне "Менің жасымды берсін" деп ақ тілегін айтқан.

Желі қолданушылары қос жұлдыздың бір-біріне деген сыйластығына риза болып, жылы лебізге толы тілек білдірді. 

"Аңыз апамыздың жасын сізге берсін", "Бибігүл апамыздың жолын берсін Мақпал ханым", "Құтты болсын, игілігіңізге тағыңыз", "Қандай керемет, бір бірін құрметтей білген Қазақтың Қыздары! "-деп пікір қалдырды көпшілік.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→