weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пышақ салып кеспеңдер: Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдері жарияланды

12 қараша қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың өмірден өткен күні. Саясаткердің жары, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуінің соңғы өлеңдерін жариялады. 

Пышақ салып кеспеңдер: Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдері жарияланды

Әнші парақшасына жүктеген видеоға “Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді” деп жазған. Саясаткердің өлеңдерінің алғашқысы Мақпал Жүнісоваға арналған.

Сондай-ақ, желі қолданушылары өлеңдер жинағындағы бір шумаққа аса назар аударды.

“Кенет өлсем ақ денемді пышақ салып кеспеңдер!
Іште жатқан бар ізгілік босқа ұшпасын, тиіспеңдер!
Ақ жарқынды, ақ келбетті шешем тосын жатыр ғой!
Мені өсірген ару ана жанына алсын, Батыр ғой”, – деп жазылған.

Өнер иесі марқұм жоласына арнап тағы бірнеше видео жариялаған.

"Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді", - деп Мақпал Жүнісова "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады. 

Күйеуінің соңғы өлең жолдарын жариялаған Мақпал Жүнісоваға желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жұбату сөздерін жазып жатыр. 

Айта кетейік, бүгін саясаткер Заманбек Нұрқаділов қаза тапқан күн. Оның жұмбақ өліміне 20 жыл өтті.