Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Шоубиз

Танымал әнші Төреғали Төреәлі көрермендерге арнап үндеу жасады

Танымал әнші Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты концерттерін уақытша тоқтатқан болатын. Осыған орай жанкүйерлері оның жағдайына алаңдап, амандығын тілеп, түрлі пікірлер қалдырған еді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Танымал әнші Төреғали Төреәлі көрермендерге арнап үндеу жасады
Фото: Democrat.kz

Жуырда әнші әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап, видео жариялады. Ол өз жазбасында ораза ұстап жүрген жандарға сәлем жолдап, барша мұсылман қауымына дұға тіледі.

Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар! – деді Төреғали Төреәлі видеода.

Әншінің бұл видеосы көпшіліктің ықыласына бөленіп, жанкүйерлері оған жылы лебіздерін білдірді. Олар Төреғалидің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.

Айта кетелік, Төреғали Төреәлі бірнеше күн бұрын денсаулығына байланысты концерттік сапарларын уақытша тоқтатқаны белгілі болған еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату