Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің алтыншы баласы дүниеге келді. Көпшілікке қуанышын бөліскен өнер иесі желіде келіншегі Толқынға алғыс айтып, сезімін білдірді,-деп хабарлайды newsroom.kz
Көптен сүйінші сұраған әнші Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында келіншегіне ыстық сезімін білдіріп, алғыс айтты.
"Қуанышта шек жоқ. Қазіргі сезіммен бөлісетін болсам, Аллаға сансыз шүкір! Бұрынғы балаларымда басқаша еді. Осы жолы сезім бөлек, ақыл кірген сияқты мына Төрештеріңізге. Кішкене сабыр, байсалдылық бар сияқты. Бірақ перзентханаға қанша барып жүрсем де, не алу керек екенін әлі жаттамаппын.
Толқын деген ер екен, жарайсың! Тоқабай, Алла разы болсын саған! Біздің ұрпақтарды дүниеге әкелдің! Алла тілеуіңді берсін! Сен мен үшін соңына дейін тұрып бердің. Енді мен сен үшін тұрып беремін, көресің. Алла көзімді қайта-қайта жеткізіп жатыр. Не алайын енді саған айтшы, аспандағы айды алып бер дейсің бе? Теңіздің ортасынан үй салып берейін бе? Сен үшін бәрін жасаймын, ин ша Алла! Әуелі Құдай!", - деді Төреғали Төреәлі.