Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Наурыз-2025: Түркістан облысында наурыз мейрамы дүркіреп атап өтілмек

Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр. 14-23 наурыз күндері арылығында «Көрісу күні – амал мерекесі», «Қайырымдылық» сынды атаулы күндері түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Наурыз-2025: Түркістан облысында наурыз мейрамы дүркіреп атап өтілмек

• 16 наурыз күні «Шаңырақ» атауымен аталып, барлық мектептерде, мектептен тыс мекемелерде концерттік бағдарламалар, сәндік-қолданбалы көрмелер, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету шаралары ұйымдастырылмақ.

• 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деген атаумен барлық мәдениет мекемелерінде ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртатын сахналық көріністер ұйымдастырылады.

• 18 наурыз — «Ұлттық киім күні» ретінде сағат 09:00-ден бастап Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері ұлттық киім кию челленжін бастайды. Сонымен қатар, 19 наурыз «Жаңару күні» деп аталмақ. Бұл күні барлық өңірлерде тал көшеттерін егу жұмыстары ұйымдастырылады.

• 20 наурыз — «Ұлттық спорт» күнінде барлық өңірлердегі спорт кешендері мен атшабарларда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

• 21 наурыз «Қош келдің – Әз Наурыз!» деген атаумен Түркістан қаласындағы «Керуен» сарайы аумағында облыс әкімінің қатысуымен мерекелік салтанатты іс-шара жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы күні қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ән мен әнші Түркістан төрінде» концерттік бағдарламасымен қорытындыланатын болады.

• 22 наурыз «Жыл басы» күні Түркістан қаласы мен барлық аудан-қалалардағы орталық алаңдар мен саябақтарда көрмелер, концерттік бағдарламалар, ұлттық спорттық ойындар мереке көркін қыздырады. Сондай-ақ, «Конгресс холл» кешенінде Республикалық ақындар айтысы, Түркістан музыкалық драма театрында 2 күн бойы «Вальс королі» қойылымы көрермен назарына ұсынылмақ.

• 23 наурыз «Тазару» күні – облыс көлемінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылып, аудандар мен қалаларда тазалық жұмыстары жүргізілмек.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату