Белгілі сазгер Қалдыбек әнші Төреғали Төреәлінің істеп жүрген әрекеттерін сынады,- деп хабарлайды newsroom.kz.
“Сұрауы бар” подкастына берген сұхбатында Төреғалидің көше сыпырғанын да, біреуді ұрғанын да шоу деп айтты.
“Төреғалидікі шоу ма, әдейі ұйымдастырған ба түсінбей қалдым. Өткенде енді демалыс аймағына барып, біреуді ұрғаны шын екен деп қалдым. Кейін түсіндім, шоу екенін. Жұрт ұлып кетпесін деп әдейі жасаған сияқты. Ал, кеше үстіне киім киіп көше сыпырып жүр. Ол шынымен сыпырып жүр ме, жоқ па білмеймін. Көзіммен көрмегенге сенбеймін. Ол шоу сияқты. Әлі де нақты дәлел жоқ. Шын ба деп сұрауға да қызықпадым. Бірақ маған сол шоу сияқты. Ұмытпасын, халық тойға шақыра берсін деп істеп жүрген сияқты”,- деді Қалдыбек Құрманәлі.