Әнші Төреғали Төреәлі Атырау облысы, Құлсары қаласына барды. Өнер иесі көмекке келген жүкті түсірісіп, зардап шеккен халыққа қолдау білдірді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
"Апат айтып келмейді, жасағанмен бақылау. Атырауым абдырап, қалыпты ғой апыр-ау. Құлсарылық құлдарын Құдай сынап жатыр-ау. Жаны жайсаң жақсылар, жарық күндер жақын-ау. Біз біргеміз, Құлсары! Біз біргеміз, Атырау", - деп жазды Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында. Видеодан Төреғали Төреәлі мен әнші Әділет Жауғашардың, Төреғали Төреәлінің әкесінің жүк тиелген көліктердегі халыққа келіп жеткен көмекті түсірісіп жүргенін көруге болады. "Құлсарыда талай қуанышта, талай тойда, концертте болғанбыз. Құдай сіздерге қуат берсін! Жақсы күндеріміз көп болсын", - деді видеода Төреғали Төреәлі.