Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Білім

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» университет атауын алды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің  2025 жылғы 17 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталды,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» университет атауын алды

Бұл өзгеріс Қазақстанның аймақтарын дамыту, өңірлердегі экономикалық теңсіздікті жою мәселелерімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беретін жаңа мүмкіндіктер ашу қажеттігін атап өткен болатын. Осы тұрғыдан алғанда, Арқалық институтының университет атануы өңірлік білім беру мен экономика үшін үлкен серпін деп қарастыруға болады.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті – экономиканың барлық салалары үшін педагогтар мен ғылыми кадрлар даярлайтын еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі.

1972 жылы құрылып, бес жылдан кейін Ыбырай Алтынсарин есімімен аталды. Алғашқыда физика-математика және филология факультеттері ашылды.

Бүгінде оқу орнында:

• «Жаратылыстану және ақпараттандыру»  
• «Педагогика және филология
• «Тарих және өнер» факультеттері бар.

Айта кетелік, университет бакалавриатты 29 білім беру бағдарламасы бойынша даярлайды. Сонымен қатар оқу орнының материалдық-техникалық базасы  заманауи технологиялармен жабдықталған. Физика, химия және информатика мамандықтары бойынша ғылыми-тәжірибелік зертханалар жұмыс істейді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату