Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы үш микрофинанс ұйымының лицензиясын тоқтатты. Тексеру барысында бұл компаниялар заң талаптарын жүйелі түрде бұзып, қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын шектегені анықталған.
Лицензиясынан айырылған ұйымдар — ECKZ, Taj Finance және М Булак. Үш бұйрыққа да 2026 жылғы 23 қарашада қол қойылған.
Лицензиясы тоқтатылғаннан кейін бұл ұйымдар микрофинанс қызметін жалғастыра алмайды және жаңа микрокредит бере алмайды. Қолданыстағы шарттарға өзгеріс енгізу тек заңда көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Алдағы 30 күн ішінде ұйымдар қайта тіркеуден өтіп, атауынан «микрофинанс ұйымы» деген сөздерді және микрокредит беруді білдіретін өзге де белгілерді алып тастауы тиіс. Сондай-ақ олар қайта ұйымдасу немесе тарату туралы шешім қабылдай алады.
Соған қарамастан, қарыз алушылар бұрын рәсімделген микрокредиттерін өтеуге міндетті болып қала береді. Барлық міндеттемелер шарттар мен заңнамаға сәйкес орындалуы тиіс.
Агенттік микрофинанс ұйымдары, коллекторлық агенттіктер мен ломбардтар тарапынан болатын бұзушылықтарға бұдан әрі де тосқауыл қойылатынын мәлімдеді.