Алматыда бес адамның өмірін қиған жеке үйдегі өртке қатысты қылмыстық іс ашылды. Полицияның хабарлауынша, тергеу барысында бейнебақылау жазбалары зерделеніп, күдіктінің қозғалыс бағыты қалпына келтірілген.
Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиғаның себебі жеке араздық салдарынан жасалған қасақана өрт қою болуы мүмкін. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Өрт 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған. Жалын сөндірілген кезде үй ішінен бес адамның, соның ішінде кәмелетке толмаған баланың денесі табылған.
Осы факті бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы тергеу-жедел тобы құрылған болатын.