Эльвира Әбілхасымқызы Азимова 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Шымкент қаласындағы ішкі істер бөлімінде бастаған. Кейін Әділет министрлігінде халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету саласында түрлі қызметтер атқарған.
Азимова Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болған.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық Соттың төрағасы қызметін атқарып келеді.
Бүгін Мемлекет басшысы Конституциялық Сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата басшыларына қатысты бірқатар кадрлық шешім қабылдады.