weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жоғары аудиторлық палатаны кім басқарады?

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың хабарламасына сілтеме жасап Newsroom.kz  хабарлайды.

Жоғары аудиторлық палатаны кім басқарады?
Фото: Ашық деректер көзі

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолында Ұлттық статистика агенттігінде, Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған. 2018–2019 жылдары Қаржы министрі, 2019–2021 жылдары Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі болды.

2022–2024 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін атқарды. 2024 жылғы сәуірде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып тағайындалған. ан.

Президенттің бүгінгі кадрлық шешімдері аясында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров те қайта тағайындалды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→