weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 21:19 / Жасмина Нурлан / Білім
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкенттің 300 үздік түлегі Әуезов университетінің грантына ие болады

Шымкент қаласындағы мектеп бітірушілер үшін жоғары білім алуға жаңа мүмкіндік ашылады. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті 300 үздік түлекке арнайы білім грантын бөлуді жоспарлап отыр.

Шымкенттің 300 үздік түлегі Әуезов университетінің грантына ие болады
Фото: М.Әуезов атындағы университеті

Университеттің Ғылыми кеңесі «300 мектеп – 300 грант» жобасын іске асыру туралы шешім қабылдаған. Бастама аясында қаладағы мемлекеттік және жекеменшік 300 мектептің білім озаттары мен ғылымға, ізденіске бейім түлектері университет грантына үміткер бола алады.

Жоба аясында еңбек нарығында сұранысқа ие бірнеше бағыт бойынша білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Олардың қатарында химия, химиялық технология, сәулет және құрылыс, мұнай-газ ісі, жасанды интеллект, компьютерлік ғылымдар, құқық, экономика және менеджмент бар.

Бастаманың негізгі мақсаты – талантты жастардың білім алуына қолдау көрсетіп, олардың кәсіби әлеуетін туған қаласында дамытуға жағдай жасау. Осы арқылы түлектердің сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашылмақ.

Жоба Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Университет пен қала әкімдігінің бірлескен жұмысы өңірдегі жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және адами капиталды дамытуға бағытталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер