weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Трамп: «Тоқаевпен кездесуді асыға күтемін»

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

⁠Трамп: «Тоқаевпен кездесуді асыға күтемін»

Құттықтау жеделхатында Дональд Трамп соңғы бір жылда Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түскенін жазған. Оның айтуынша, екі ел халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінен бастап, өзара тиімді коммерциялық келісімдерге дейінгі бағыттарда бірлесіп жұмыс істеп келеді.

«Өткен бір жылда серіктестігімізді тереңдете түскенімізді мақтан тұтамын. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге дейінгі бағыттарды қамтиды», – делінген жеделхатта.

АҚШ президенті 1991 жылы Америка Құрама Штаттары Қазақстанды егемен мемлекет ретінде алғашқылардың бірі болып емес, бірінші болып халықаралық деңгейде мойындағанын атап өткен. Сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдау ұстанымы өзгермейтінін мәлімдеген.

Трамп америкалық компаниялардың Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне елеулі үлес қосқанын және алдағы уақытта да маңызды рөл атқара беретінін айтқан. Ол екі ел арасындағы достықтың алдағы онжылдықтарда да нақты нәтижелерге жеткізетініне сенім білдірді.

«Желтоқсанда өтетін G20 саммитінде сізбен кездесуді асыға күтемін», – деп жазған Дональд Трамп.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер