ҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары 2026 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген.
Нәтижесінде құқық қорғау органдары 45 атыс қаруын, 10 граната мен 1259 оқ-дәріні анықтап, тәркіледі. Оның ішінде бес автомат, 26 мылтық және 14 тапанша бар.
Операциялар Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткен. Шымкент қаласы да жедел шаралар қамтылған аумақтардың қатарында.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тергеу мүддесіне байланысты ҰҚК әзірге өзге ақпаратты жариялаған жоқ.