weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Импорттық өнімдерге қатысты 3,3 мың заңбұзушылық тіркелді

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында техникалық реттеу саласында жүргізілген тексерулер нәтижесінде 3,3 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Импорттық өнімдерге қатысты 3,3 мың заңбұзушылық тіркелді
Фото:Ашық деректер

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында, есепті кезеңде комитеттің аумақтық департаменттері төрт мыңнан астам жұмыс жүргізген. Оның ішінде үш мың үш жүзге жуық жағдайда заңбұзушылықтар тіркелген.

«2026 жылдың тоғыз айының ішінде біздің департаменттерде төрт мыңнан астам жұмыс жүргізілді. Оның ішінде үш мың үш жүзінде заңбұзушылықтар анықталды», – деді Қанат Қабылбеков.


Оның сөзінше, бақылау жұмыстары жоспардан тыс тексерулер, бірлескен тексерулер және профилактикалық бақылау аясында жүргізіледі. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Айта кетейік, баспасөз конференциясында импорттық өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігі туралы да сұрақ қойылды. Алайда спикер жауабында талапқа сай келмейтін импорттық өнімдердің нақты үлесі, олардың түрлері және қаншасы импорттық тауарларға тиесілі екені жөнінде жеке статистика келтірілмеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер