Жұмыс тобының құрамына ғалымдар, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері кірді. Олар оқушылар арасында амандасу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар әзірлейді.
Құжатты дайындау барысында білім беру процесіне қатысушылардың, мүдделі тараптар мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескеріледі.
Сонымен қатар әзірленген ұсынымдар депутаттармен қосымша талқыланады.
Бастаманың негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында амандасу мәдениетін қалыптастырып, әдеп нормаларын сақтауға баулу.