weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда 6,3 млн рет несие алудан ерікті түрде бас тартылған

Қазақстандықтар жарты жылда несие алудан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін «Стоп-кредит» сервисін 6,3 млн рет пайдаланған. Бұл қызмет азаматтарды өз атына рұқсатсыз несие рәсімдеуден қорғауға бағытталған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Қазақстанда 6,3 млн рет несие алудан ерікті түрде бас тартылған
Фото:finratings.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша азаматтар банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту қызметін 6,3 млн рет пайдаланған.

«Стоп-кредит» сервисі eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Қызметті қосқаннан кейін азаматтың кредиттік тарихында несие алуға қойылған шектеу туралы белгі пайда болады. Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз беру туралы өтінішті қарау кезінде бұл ақпаратты ескеруі тиіс.

Егер қолданыстағы тыйымға қарамастан азаматтың атына оның келісімінсіз несие рәсімделсе, мұндай қарыз есептен шығарылуға жатады.

Қажет болған жағдайда азамат шектеуді кез келген уақытта алып тастай алады.

Сервисті пайдалану үшін eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдап, электронды өтінімді растау қажет.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер