weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 10:21 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сирияда Башар Асадтың немере ағасы өлім жазасына кесілді

Дамаскідегі Төртінші қылмыстық сот Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың немере ағасы Васим Асадты өлім жазасына кесті,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы Sirta.tv-ге  сілтеме жасап.

Сирияда Башар Асадтың немере ағасы өлім жазасына кесілді
Фото: 24.kg

Сот оны азаптау мен аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтірулерге, сондай-ақ соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстарға кінәлі деп таныды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Васим Асад 2011 жылдан бері Гият Даллаға бағынышты қарулы топты құрып, оған жетекшілік еткен. Бұл топ Дамаск маңындағы Шығыс Гута аудандарына, соның ішінде әл-Малиха қаласына шабуылдар жасаған.

Сонымен қатар, Васим Асадқа есірткі саудасымен айналысты деген айып тағылған. Алайда сот бұл айып бойынша дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты оны ақтады.

Сот оның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарып, азаматтық талапкерлерге өтемақы төлеуге міндеттеді.

Васим Асадтың үстінен шығарылған үкім оның Сирия мен Ливан шекарасында ұсталғанына шамамен бір жыл өткен соң жарияланды.

CNN Arabic мәліметінше, ол Сирия аумағында сотталып, өлім жазасына кесілген Асадтар әулетінің алғашқы мүшесі болды. Ал Башар Асад пен оның ағасы Махер Асад бұған дейін сырттай өлім жазасына кесілген. Екеуі де Сириядан кеткен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→