Вице-министрдің сөзінше, Сирияда қалған қазақстандықтардың саны 30-дан асады.
Егер қателеспесем, 33 адам. Одан көп емес. Бұл азаматтармен қазіргі уақытта тұрақты байланыстамыз, - деді ол.
Сондай-ақ, Әлібек Бақаев Таяу Шығыстан эвакуацияланған қазақстандықтарға да тоқталды.
Газа секторынан 129 адамды қайтардық, ал Ливаннан эвакуация кезінде 69 азаматты қайтардық. Оның арасында Қазақстан азаматы болса да балаларында басқа азаматтығы да бар адамдар да болуы мүмкін, - деді вице-министр.